Үш боксшымыз үздіктер қатарында

Үш боксшымыз үздіктер қатарында

Бүкіләлемдік бокс сериясының жобасында күш сынасып жатқан былғары қолғап шеберлері келесі жылы Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салып жатқаны бәрімізге мәлім. Олимпиадаға қатысатын 250 боксшысының 17-і биылғы маусымның қорытындысы бойынша Риоға берілетін жолдамаға ие болады. Оны Бүкіләлемдік бокс сериясының басшылары боксшылардың рейтингісі арқылы анықтайды.

Естеріңізде болса, былтырғы маусымда WSB басшылары Рио олимпиадасына қатысатын боксшыларды екі жылдың қорытындысы бойынша анықтайтын болған. Алайда, биылғы маусымда командалардың саны көбейіп, жобаға жаңадан боксшылар қосылды. Осыған байланысты былтырғы түзілген рейтинг жарамсыз болып қалды. Енді бокс басшылары биылғы маусымда үздік шыққан былғары қолғап шеберлерін Рио олимпиадасына қосамыз деп уәде беріп отыр.

Бүкіләлемдік бокс сериясынан суырылып шығатын 17 боксшы 10 салмақ дәрежесінде іріктеледі. Нақтырақ айтсақ, 49, 91 және +91 келі салмақ дәрежелерінде жұдырықтасатын боксшылардың әлемдік рейтингте бірінші орын алғаны ғана Олимпиадаға барады. Ал, қалған салмақ дәрежелерінде ең үздік деген екі боксшы төртжылдықтың басты додасына қатысады. Боксшыларды рейтингтік ұпайларын есептеу биылғы жылдың қаңтар айынан басталып кетті.

«Астана арландары» командасының былғары қолғап шеберлері де бүгінде Олимпиада жолдамасы үшін күш сынасуда. Команда құрамына кірген боксшыларымыздың ішінде Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі), Василий Левит (91 келі), Филип Хргович (+91 келі) өз салмақтарының алды болып тұр. Қалған боксшылардың рейтингі әзірге жоғары деп айта алмаймыз. Дегенмен, жарыстың басталғаны кеше ғана. Оның үстіне кейбір боксшылар рингке бір немесе екі рет қана шықты. Тіпті жарысты бастамаған боксшылар да бар. Сондықтан дәл қазір Олимпиада жолдамасын «мына боксшы жеңіп алуы мүмкін» деп атын атап, түрін түстеу қажет емес. Десек те, маусым басынан жасалып келе жатқан рейтингке бір сәт назар аударып қойсақ артық болмас.

49 келі салмақта түзілген тізімнің көш басында Пэдди Барнс (Ирландия), Хасанбай Дусматов (Өзбекстан), Оскар Перес Аргилагос (Куба) сынды боксшылар тұр. Үш боксшы да осыған дейін өткізген екі жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, қоржындарына 10 ұпайдан салды. Үшеуі де осал боксшылар емес. Италия клубының намысын қорғайтын Пэдди Барнс Олимпиада ойындарының (2008, 2012) екі дүркін қола жүлдегері атанған жігіт. Еуропа чемпионы (2010) деген атағы бар. Ал, өзбекстандық Хасанбай Досматовқа келсек, бұл есім қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 49 келі салмақтағы талантты боксшылардың бірінен саналатын Досматов бүгінде «Украина атамандары» командасында жүр. Сондай-ақ, 49 келі салмақта Олимпиадаға баруға үмітті боксшылардың ішінде кубалық Оскар Пересті де атап өтуге болады. Өз елінің намысын жыртып жүрген жас боксшы 2013 жылы жасөсіпірімдер арасында әлем чемпионы атанғаны есімізде. Демек, «Астана арландарының» сапындағы Теміртас Жүсіпов пен Мардан Берікбаевқа аты аталған боксшылар басты бәсекелес болатын айдай анық. Әзірге қос боксшымыз бір-бірден жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Рейтингте Теміртас Жүсіпов – 8-орында. Ал, Мардан Берікбаевтың рейтингтік ұпай алмағаны бізге түсініксіз болып тұр.

«Арландардың» рейтигісі:

52 келі: Олжас Сәттібаев, Мирас Жақыпов – 8-9-орын;

56 келі: Мейірболат Тоитов – 9, Нұрсұлтан Көшеғұлов – 14-орын;

60 келі: Ержан Музафиров – 10, Зәкір Сафиулин – 16-орын;

64 келі: Самат Бәшенов – 9, Асқат Уәлиханов – 14-орын;

69 келі: Асланбек Шымбергенов – 12, Мадияр Әшкеев – 18-орын;

75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов – 1-орын;

81 келі: Хрвое Сеп – 4-орын;

91 келі: Василий Левит – 1-орын;

+91 келі: Филип Хргович – 1-орын.

Былтырғы маусымда 91 келі салмақта өнер көрсететін Василий Левит әлемдік рейтингті екінші орынмен қорытындылаған болатын. Алайда, жаңа ереже бойынша Левиттің жиған ұпайлары күйіп кетті. Енді «арланымыз» Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін қайта ұпай жинауға кіріседі. Ол үшін Левит топтық бәсекеде жеңілмеуі тиіс. Жалпы боксшылардың рейтингісі команданың ойындарына да байланысты. Егер «арландарымыз» жұдырықтай жұмылып, топтық бәсекеден аман-есен өтер болса, плей-офф кезеңінде күш сынасады. Одан ары қарай жартылай финал, финал... Командамыз алға өрлеген сайын боксшылардың өткізетін жекпе-жектерінің саны да артады. Жекпе-жектің саны артса, рейтингтегі ұпайдың еселене түсетіні де сөзсіз.

91 келі салмақтағы Василий Левитті бөле-жарып отырғанымыздың себебі неде? Айтайық. Қазақстан боксшылары Тәуелсіздік алғалы бері қатысып келе жатқан бес (!) бірдей Олимпиадада 91 келі салмақта бірде бір боксшымыз өнер көрсетпепті. Мәселен, 1996 жылғы Атланта олимпиадасында марқұм Әбдісалан Нұрмаханов баптаған боксшылар 8 салмақ дәрежесінде жолдама алды. Өкінішке қарай, олардың арасында 91 келі салмақта боксшы болмады. 2000 жылы Сидней төрінде атой салған жеті қазақтың ішінде де 91 келідегі алыбымыз жетіспеді. Тіпті 2008 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері Дамир Буданбеков «11 салмақ дәрежесінде жолдама аламыз» деп жүріп, ақыры жолдама 10 салмаққа ғана бұйырды. Осыдан үш жыл бұрын Лондон олимпиадасының қарсаңында Василий Левиттің баратын мүмкіндігі болып еді. Алайда, Вася Астанада өткен іріктеу кезеңінде сүрініп, Мырзағали Айтжанов баптаған құрама он салмақтың тоғызына қанағат білдірді. Енді міне, бір жылдан кейін Рио де Жанейро қаласында тағы да Олимпиада алауы жағылады. Арман болған 91 келінің жолдамасын жеңіп аламыз десек, Василий Левитке аянбай тер төгу қажет. Ол үшін тек Левит қана емес, «Астана арландары» командасының бапкерлерінен бастап боксшыларына дейін атсалысқан жөн. Өйткені, командамыз Бүкіләлемдік бокс сериясының финалына дейін жетер болса, Левиттің өткізетін жекпе-жектерінің саны да артады. Ал егер, топтық бәсекеден өтіп, ширек финалдан сүрінер болсақ, онда жолдамадан көз жазып қалуымыз ғажап емес.

astanaarlans.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или