Орыстар Головкинді «өзіміздікі» деп жатыр

Ресейлік басылымдар орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді Ресейдің былғары қолғап шебері деп жазып жатыр, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Ресейдің Газета.ру деген порталының тілшісі Александр Седов есімді тілшісі Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жеке шолу жасапты. Автор мақаланың тақырыбын: «Ресейлік нокаутшының 32-мүмкіндігі» деген. Бұл жайт қазір ғаламторға қызу талқылануда. Бірақ, мақала жарияланнан соң бірнеше минуттан кейін оның тақырыбы: «Қазақстандық нокаутшының 32-мүмкіндігі», - деп ауыстып үлгерген.

Дегенмен де, мақаланың түп нұсқасын суретке түсіріп алғандар да бар. Оны жоғарыда суреттен көруге болады.

Негізі, Ресейлік басылымдар Головкиннің орыстың батыры деп бірінші рет айтып отырған жоқ. Бұған дейін солтүстіктегі көршілеріміздің белді деген басылымдары біздің даңқты былғары қолғап шеберін «өзіміздікі» деген еді. Ал, Головкиннің жекпе-жектерін жүргізген ресейлік комментаторлар: «Головкин орыс халқының батыры» дегенге саятын әңгіме айтқан. Тіпті, ол жақта Головкиннің Ресейдің намысын қорғайды деген де әңгіме болған.

Бірақ, бұл алып-қашпа әңгімеге Геннадийдің өзі нүкте қойған. Ол сұхбаттарының бірінде: «Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Менің отбасым осында. Бокстың әліппесін Қазақстанда үйрендім. Осыдан кейін мен Ресейдің намысын қалай қорғаймын? Бұған сенбеңіздер. Мұның бәрі өтірік әңгіме», - деген еді.

Расында, Головкин Ресейдің емес, Қазақстанның батыры. Ол осы атақтарына Ресейде жүріп емес, Қазақстан жүріп қол жеткізді. Сондықтан да ресейлік тілшілердің жасап отырған бұл дүниесін таза сауатсыздық немесе боксшыны жанкүйерлерімен арандату үшін әдейі жасап отырған дүние деуге толық негіз бар.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или