Айым Әбділдина: «Ресейден балуан шақыртудың қажеті жоқ»

Айым Әбділдина: «Ресейден балуан шақыртудың қажеті жоқ»

Еліміздегі ең үздік балуан қыздардың бірі Айым Әбілдина десек, асыра сілтегендігіміз емес. Қарағандыда дүниеге келіп, бүгінде Астана қаласының намысын қорғап жүрген бұрымды балуан Талдықорған төріне жайылған кілемде де қарасыластарын оңды-солды жеңіп, кезекті рет ел чемпионы атанды. Осы орайда «Алаш айнасы» интернет-порталының тілшісі Айымды әңгімеге тартып, сұхбаттасқан болатын.

– Қазақстанның біріншілігі жоғарды деңгейде өтті. Бірінші рет бейне қайталау жүйесі қолданылды. Сондай-ақ онлайн үлгісінде көрсетіліпті. Менің туысқандарым белдесулерімнің барлығын үйде отырып тамашалады. Бұл үшін ұйымдастырушалырға алғысымды айтқым келеді, – деп бастады әңгімесін Айым. – Ал белдесулеріме келетін болсақ, мен әрбір кездесуге әртүрлі тактикамен шықтым. Бұл бапкерлерімнің ойы болды. Тапсырманы ойдағыдай орындап шықтым. Финалда жолымыз түйіскен Ирина Кисельмен бұған дейін де бірнеше мәртке кездескенмін. Қателеспесем, жалпы есеп – 3:1. Әзірше менің жеңісім көп.

– Негізі сіз 53 келіде белдесетін едіңіз. Бірақ Талдықорғанда өткен біріншілікте 58 келіде күрестіңіз. Алдағы уақытта осы салмақта қаласыз ба, әлде үйреншікті салмағыңызда белдесесіз бе?

– Иә, салмақ ауыстырдым. Осы Қазақстан чемпионатында алғаш рет 58 келі салмақта күрестім. Негізі, 2014 жылы 55 келі салмақта белдескен болатынмын. Ақырындап салмағым да өсіп келеді. Биыл міне, 58 келіге ауысып отырмын. Енді осы салмақта қалатын шығармын.

– Бұл салмақтағы басты қарсыласыңыз кім?

– Ел ішінде бұл салмақтағы басты қарсыласым – Ресейден келген Ирина Кисель. Жоғарғы деңгейдегі балуан. Ал халықаралық ареналарда бұл салмақтың көшін Жапония, Ресей және Украина балуандары бастап тұр. Олимпиада ойындарында бір салмаққа 20 балуан белдеседі, соның жиырмасы да – қарымды. Ешқайсысын осал деп айта алмайсың. Әрқайсысының өзіне тән артықшылғы бар.

– Сіз бірнеше жылдан бері еліміздегі ең мықты балуандардың бірі болып келесіз. Ел ішінде Иринадан басқа мықты қарсыластарыңыз бар ма?

– Әрине, бар. Шамалы босаңсып қалсаң, өсіп келе жатқан балуандар орныңды басып алуға сақадай-сай тұр. Осындан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда әйелдер күресі дамымай тұр деп, Ресейден бірнеше балуан шақыртылған еді. Сол балуандардың көрсеткіші жергілікті балуандардан асып түскен жоқ. Сондықтан да Ресейден балуан шақыртудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жылдан жылға Қазақстанда әйелдер күресі де дамып келеді. Оған күмән жоқ. Ең бастысы, өзіміздің балуандарға мүмкіндік беру керек.

– Ел ішіндегі турнирлерден ең маңызды деген Қазақстан біріншілігін ұттыңыз. Енді алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Менің ғана емес, ұлттық құрамадағы барлдық балуандардың басты мақсаты – әлем чемпионаты. АҚШ-та өтетін әлем чемпионатында Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама таратылады. Мақсат – Лас-Вегаста сол жолдамаға қол жеткізу.

– Сіз халықаралық турнирлердің көпшілігінде қола медальмен шектеліп жүрсіз. Енді сол қоланы күміске немесе алтынға ауыстыратын кез-келген шығар...

– Иә, мен үнемі халықаралық турнирлерден қола жүлдемен қайтып жүрмін. Енді сол олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Бұйырса, осы жылы бұл көрсеткішімді жақсартуға тырысамын.

– Соңғы сұрағым, сіз негізі Қарағанды мектебінен шыққан балуансыз. Бірақ қазір Астананың намысын қоғап жүрсіз. Неге туған жеріңіздің емес?

– Иә, 2008 жылы Астана қаласына ауыстым. Ол рас. Астана қаласының мамандары жан-жақты дайындалу үшін маған жағдай жасады. Сол үшін елдордаға келдім. Спортшы ретінде болмаса да, бапкер ретін туған жеріме қайта оралатын шығармын. Нақты білмеймін. Оны уақыт көрсетеді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Уәлихан Қосанбай

«Алаш айнасы» интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или