Бублик ATP рейтингісінде бір сатыға көтерілді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы әлемнің үздік ойыншылары рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер командасының көшбасшысы Александр Бублик бір сатыға көтеріліп, қазір 37-орынды иеленіп отыр. Михаил Кукушкин 105-сатыға сырғыды. Дмитрий Попко да бір қатарға төмендеп, 194-орында тұр.
Көш басында сербиялық Новак Джокович тұр. Ресейлік Даниил Медведев екінші орынға көтерілді. Үшінші қатарда Рафаэль Надаль жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или