Қазақстандық боксшылар АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді
Қазақстандық боксшылар Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) пен Николай Шваб (6-0, 3 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде өз позицияларын жақсартты, деп жазады ҚазАқпарат.
<span>Екеуі де бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) айқасты. Мұсәділов бірінші раундта-ақ америкалық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутқа жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы рейтингте 219-орынға көтерілді. </span>
<span>Ал Шваб мексикалық боксшы Карлос Хименеспен (1-1-1, 0 КО) жекпе-жекке шықты Алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінен кейін жеңіс қазақстандыққа берілді. Қазір Шваб BoxRec жеңіл салмағында 843 орында тұр. </span>
<span>Серік Мұсәділов пен Николай Шваб үшін бұлардың 2021 жылғы алғашқы айқастары болғанын айта кеткен жөн.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или