29-шы нокаут. Головкин Мюррейді 11-раундта жеңді

29-шы нокаут. Головкин Мюррейді 11-раундта жеңді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Монакода британиялық былғары қолғап шебері Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізіп, кәсіби мансабындағы 32-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Головкин соңғы қарсыластарын алғашқы раундтарда-ақ ұтып тастайтын. Бұл жолы Геннадийдің жекпе-жегін жанкүйерлері айызын қандыра тамашалай алды. Бұған дейін бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татып көрген Мартин Мюррей алғашқы раундта Генаға қарсылық көрсетіп, жекпе-жек тең деңгейде басталды. Дегенмен қазақстандық боксшы раунд сайын басымдығын ұлғайтып, ақыры төртінші кезеңде британиялықты екі рет нокдаунға түсірді.

Кейін де Мюррейге қорғанып, қашып жүруге тура келді. Оныншы раундта Мартин тағы бір рет құлап, төреші нокдаун ашты. Британиялық жанкүйерлердің бақытына орай, Мюррейді раундтың біткені құтқарып қалды. Қазақстандық көп күттірмеді, он бірінші кезең басталысымен, трибунаның қолдауымен қарсыласын жойқын соққыға ала жөнелді. Нәтижесінде шаршы алаңдағы қазы Мюррейдің жағдайына қарап, жекпе-жекті сол тұста аяқтап тастады.

Бұл – Головкиннің кәсіпқой бокстағы 29-шы техникалық нокаутпен жеңісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или