Бокс

Шетелдік сарапшы GGG орнына Плантты таңдаған «Канелоны» сынға алды

Шетелдік сарапшы GGG орнына Плантты таңдаған «Канелоны» сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com шолушысы Шон Джонс мексикалық Сауль Альварестің қарсылас ретінде америкалық Калеб Плантты таңдағанын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сарапшының пікірінше, Альварес бұл жолы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы керек еді.

«Бокс жанкүйерлері «Канелоның» соққылары әлсіз Калеб Плантпен емес, Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізгенін қалайды. Оны Билли Джо Сондерстің 2.0 нұсқасы деп атауға болады. «Канелоның» күш-қуаты жоқ боксшыға қарсы кезекті мисматчы», - деп жазды Джонс.

Айта кету керек, Билли Джо Сондерсті жеңгенге дейін де Альварес GGG-мен трилогия өткізу мүмкіндігін растаған еді, бірақ ол үшін Головкин екінші орта салмаққа ауыссын деген талап қойған. Ұлыбританиялық боксшыны жеңгеннен кейін Альварес Плантты кездесуге шақырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер