«Astana Arlans» аргентиналық қонақтарды тас-талқан етті

«Astana Arlans» аргентиналық қонақтарды тас-талқан етті

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық «Astana Arlans» Халықаралық бокс сериясын аясында «Argentina Condors» командасын қабылдады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесудің алғашқы жекпе-жегі 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде  Азамат Исақұлов пен Рикардо Ибарра арасында өтті. Қос қарсылас салған беттен жұдырық ала жүгіріп, ашық жекпе-жекке көшті. Нәтижесінде отандасымыз алғашқы раундтан-ақ аргентиналыққа бірнеше жойқын соққысын өткізді. Соңғы кезеңде Ибарра нокдаун алып қалды да. Осылайша раунд сайын басымдығын ұлғайта берген Азамат 3:0 есебімен жеңіске жетті.

60 келіге дейін салмақ дәрежесінде Роман Щегринов аргентиналық Брайан Нунесмен жұдырықтасты. Боксшылар қорғанысқа мән беріп, бірден ашық айқасқа түсіп кете алмады. Дегенмен жанкүйерлердің қолдауы Романға үлкен көмегін тигізіп, қазақстандық үш төрешінің шешімі бойынша «Арландардың» екінші жеңісіне қол жеткізді.

Үшінші болып шаршы алаңға Хрвое Сеп мен Хосе Оливьер шықты. 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде аргентиналық боксшыға көбіне қорғануға тура келді. «Арландардың» хорватиялық легионері қарсыласына мүмкіндік қалдырмады – 3:0. Осылайша қазақстандық ұжым үш кездесуден кейін жеңісті қоржынына салды.

69 келіге дейін салмақта қазақстандық Данияр Елеусінов аргентиналық Луис Веронмен қолғап түйістірді. Командасы жеңіске жетіп қойғандықтан ба, Данияр көп күшін сала қойған жоқ. Дегенмен сәті келгенде жойқын соққыларын бағыттап тұрды. Осылай көп күшін салмай-ақ Данияр қарсыласынан айласын асыра алды.

Кездесудің шымылдығын Филип Хргович пен Карлос Ортега жекпе-жегі жапты. 91 келіден жоғары салмақта сынға түскен боксшылар жойқын соққыларымен жанкүйерлердің делебесін қоздырды. «Арландардың» бойшаң боксшысы екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша «Astana Arlans» өз жанкүйерлерінің алдында сенімді ақтап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

52 кг: Азамат Исақұлов – Рикардо Ибарра 3:0 (50:44, 50:44, 50:44)

60 кг: Роман Щегринов – Брайан Нунес 3:0 (50:49, 50:49, 49:46)

69 кг: Данияр Елеусінов – Луис Верон 3:0 (50:45, 49:46, 50:45)

81 кг: Сеп Хрвое – Хосе Оливьер 3:0 (49:44, 50:43, 50:44)

91 кг: Филип Хргович – Карлос Ортега (Хргович техникалық нокаутпен жеңді)

Бапкерлер: Марат Жәкиев – Фабио Эскалада

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или