Қазақстандық теннисшілер Женева және Лион турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Женева және Лион ATP 250 турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады.
Андрей Голубев хорватиялық Марин Чиличпен бірге ширек финалда Женева жарысының 3-ракеткалары, оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклахланмен кездесті. Оңтүстікафрикалық-жапониялық жұп 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов италиялық Андреа Вавассоримен бірге Лионда бразилиялық Марсело Демолинер - мексикалық Сантьяго Гонсалеспен жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Бұл кездесуде С.Гонсалес пен М.Демолинер 7:6 (7:1), 6:4 есебімен ұтты. Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или