Александр Бублик Ниццада ерекше турнирге қатысады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Ницца қаласында Муратоглу академиясында 24-26 мамырда өтетін UTS4 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл ерекше жарыс Ролан Гаррос турнирінен бір апта бұрын болады.
Қазақстандық теннисші А тобында Диего Шварцман, Григор Димитров, Кристиан Гариндермен бірге бақ сынайды.
В тобында Даниил Медведев, Фабио Фоньини, Корентен Муте, Тэйлор Фритц ойнайды.
Өткен жылдағыдай, матчтар төрт бөліктен тұрады, оның әрқайсысы 8 минутқа созылады. Теннисшілер екі рет емес, бір мәрте ғана доп бере алады.
Бублик додаға алғаш рет қатыспақшы. Өткен жылы италиялық Маттео Берреттини жеңімпаз атанған болатын.