Сәпиев: «Головкин қарсыластарына еш мүмкіндік бермей сұлатып салады»

«Астана Арланс» командасының директоры Серік Сәпиев барша қазақстандықтарды Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте жерлесіміз Геннадий Головкинге қолдау көрсетуін сұрады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Головкиннің алар асулары алда. Оның салмағындағы чемпиондар онымен жұдырықтасқысы келмейді, өйткені Геннадий қарсыластарына еш мүмкіндік бермей сұлатып салады. Головкин Мартин Мюррейге қарсы шығады. Барша қазақстандықтарға айтарым, Геннадийге қолдау көрсетейік! Головкин міндетті түрде жеңіске жетуі керек», - деді Олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Мюррей жекпе-жегі бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 04:45-те басталады. Аталмыш кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или