Азия чемпионатының жүлде қоры 400 мың долларды құрайды

Азия чемпионатының жүлде қоры 400 мың долларды құрайды

АИБА Дубайда өтетін Азия чемпионатының жүлде қорын бекітті.

Алтын алған боксшылар 10 мың доллар сыйақы алады. Екінші орынға ие болғандар 5 мың долларды қанжығасына байлайды.

Үздік үштікке ілінгендер 2,5 мың долларды қанағат тұтады. Ал турнирдің жалпы жүлде қоры 400 мың долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или