«Қазақстан» телеарнасы Г.Головкин мен М.Мюррейдің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» телеарнасы Г.Головкин мен М.Мюррейдің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

21 ақпанда Монте-Карлодағы «Salle des Etoiles» аренасында жылдың басты бокс кеші - WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы (2012—2013) британдық Мартин Мюррей арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Басты кездесуі Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек саналатын кәсіпқой бокс кешіндегі барлық төрт матчты да отандық спортсүйерқауым ақпанның 21-інен 22-сіне қараған түні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде сағат 01.30 – дан бастап тамашалай алады. Бұл кездесулердің барлығы 22 ақпан күні таңғы 10.00-да «KazSport» телеарнасы жекпе-жекті қайталап көрсетіледі», - деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық комментатор А.Төлеген Мюррейдің қазақстандық боксшының шабуылына тойтарыс беретін тәсілі бар деп ойлайды.

«Бойының биіктігіне қарамастан, Головкинді күшпен, шапшаңдықпен, техникамен жеңе алмайтынын түсінеді. Еуропалық, әсіресе, неміс боксшылары баспен соғу және т.б. тәсілдерімен ерекшеленеді. Осылайша, британдық боксшы ұзақ тұру үшін бар күш-жігерін салып, бар айла-тәсілдерін қолданады. Бұл жерде қандай тәсіл қолданса да, әрине, жақсы. Бірақ Мюррейдің Монако аумағында күресетінін, ал Монако ханзадасы боксты қатты ұнатанын және ол әдемі жеңісті құрметтейтінін естен шығармау қажет. Мартин болашаққа деген жолын әзірлеуі тиіс», - деп ойымен бөліседі А.Төлеген.

«Гена бір сөзінде, боксты көрініс деп есептемейтінін айтқан болатын. Ол үшін бокс – жұмыс, бизнес. Головкиннің өзін-өзі ұстауы керемет, сондықтан ол шыққан сайын, барлығы да оның жеңісін күтеді. Геннадий бұны жақсы түсінеді және халыққа тамаша көрініс және жақсы күрес сыйлау үшін барын салады, - дейді А.Төлеген. - Головкиннің Мюррейден кейінгі күресі зор болатыны сөзсіз. Ал егер жеңіліс тапса? Бірақ сонда да Головкиннің рингтен кетуі екіталай. Осыған дейін боксқа көп күш салды. Бір жағынан бұл қазақстандық боксшыға жақсы да болатын шығар. Мұндай жағдайда орта және ортаға шамалас салмақтағы боксшылар онымен күресуге келісім беретін шығар. Бүгінде олардың бұл жекпе-жекке келіспейтіндерін де білеміз. Ал олармен күресу Генаға үлкен ақша табудың жолы екені айдан анық».

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или