Энтони Джошуа мен Александр Усик тамызда жұдырықтасуы мүмкін

Энтони Джошуа мен Александр Усик тамызда жұдырықтасуы мүмкін

Аса ауыр салмақта WBA/IBF/WBO тұжырымдарының чемпионы Энтони Джошуа мен WBО белбеуіне үміткер Александр Усик арасындағы жекпе-жектің өтуі мүмкін уақыты белгілі болды. Бұл туралы The Athletic сарапшысы Майк Коппинджермәлімдеді.

«Энтони Джошуа мен Александр Усик арасындағы жекпе-жекті өткізу үшін 21 не 28 тамыз күндері қарастырылып отыр. Егер Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер өзара келісе алмаса, WBO Джошуа – Усик жекпе-жегін өткізеді», – деп жазды сарапшы. 

Айта кетейік, Джошуа биыл екі жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Ол күзде Фьюриге қарсы жұдырықтасуы мүмкін. Боксшылар екі айқастан 75 миллион доллар табыс түсірмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или