Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарының кестесі
21 мамыр мен 6 маусым аралығында Ригада өтетін шайбалы хоккейден Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Қазақстан құрамасы 22 мамырда турнир қожайындары - Латвия құрамасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төменде әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының матчтарының толық кестесі берілген (ойындардың басталу уақыты Нұр-Сұлтанға көрсетілген).
Еске салайық, өз топтарында алғашқы төрт орын алған командалар ширек финалға өтеді.
22 мамыр. 23:15. Латвия - Қазақстан
23 мамыр. 19:15. Қазақстан - Финляндия
25 мамыр. 19:15. АҚШ - Қазақстан
26 мамыр. 19:15. Қазақстан - Германия
28 мамыр. 19:15. Қазақстан - Канада
29 мамыр. 16:15. Италия - Қазақстан
31 мамыр. 23:15. Норвегия - Қазақстан
Қазақстан ұлттық құрамасының қатысуымен өтетін барлық матчтар Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.