Big drama show. Coming soon...

Big drama show. Coming soon...

«PROСПОРТ» тілшісі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық былғары қолғап шебері Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жектен не күтуге болатынын болжап көрмек.

Халықаралық талаптар мен шарттар бойынша Геннадий жылына үш-ақ кездесуін АҚШ-та өткізуге құқылы. Сол себепті Мюррейге қарсы теке-тірес Монакода өтеді. Демек, Головкин үйреншікті ортасында болады. Ол бұған дейін де бірталай кездесуін Еуропада өткізген.

Орта салмақтағы өзге чемпиондардың Головкиннен қашып жүргенін ескерсек, ақпанның жиырма екісіне қараған түні ортаңқол қарсылас түсетін шығар деп ойлаған жанкүйерлер. Алайда... Серхио Мартинес пен Феликс Штурмға қарсы сәтті өнер көрсеткен Мартин Мюррейді осал дей көрмеңіз... Мартин - кәсіпқой мансабында бір-ақ рет жеңіліс тапқан боксшы. Оның өзі әділетсіз болған. Опасыз төрешілер Мартинеске қарсы өткен кездесуде Мюррейдің мықты болғанын көре тұра жеңісті аргентиналыққа бере салды. Феликс Штурмға қарсы жекпе-жекті де ағылшын «әдемі» өткізді. Алайда қазылар алқасы оған жеңісті бермей, кездесуді «тең» деп шешті.

Сондықтан қасқырша «ұлып», «аш» жүрген Мюррей Головкинмен кездесуге бірден келісім берді. Өйткені Генадийді жеңген жағдайда ғана оны әлем мойындап, мамандар Коттодан күшті екенін айтады.

Қазіргі таңда Мюррей Головкиннің кәсіпқой мансабындағы ең мықты қарсыласы болып тұр.

Негізі, қос боксшы арасындағы жекпе-жек былтыр өтуге тиіс еді. Алайда, британдық боксшы қылмыстық жазаға тартылғаннан кейін, оған АҚШ-қа кіруге тиым салынды. Сол уақыттан бері, қазақстандық боксшы екі қарсыласын нокаутпен ұтқан болатын. Алдымен, Гена австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, артынша тәжірибелі мексикандық боксшы Марко Антонио Рубиоға еш мүмкіндік бермеді. Ал, Мартин Мюррей болса украиндық былғары қолғап шебері Максим Бурсакты, кейін техникалық нокаутпен итальяндық спортшы Доминик Спаданы жеңген болатын. Қос кездесу де Монакода өткен.

Жекпе-жек алдында 33 жастағы боксшы: «Головкинді ұта алатын адам – менмін» деп жар салды. Головкин бұл сөзге «Мен үлкен, драмаға толы шоу көрсетуге дайынмын» деп жауап қайтарды. Британдық боксшы мінезді, әрі соққыға төзімді екенін ескере келе, «жекпе-жек алты раундтан кем болмайды-ау» деп болжам жасады мамандар. Мюррей – табанды спортшы. Мұны ол талай кездесулерінде дәлелдеген. Кәсіби мансабында әлі бірде де бір рет нокдаунға түспеген (!) боксшы. Сондықтан, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек өте қызықты болатынына күмән жоқ.

Головкин – Мюррей кездесуін сенбі күні түнгі сағат 04:45-те «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или