Андраде: Головкинді күтіп жүре алмаймын
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
«Промоутерім Эдди Хирн маған көп көмектесті, ақша табуға үйретті. Бірақ Головкин не Альвареске қарсы жекпе-жекті өткізбей отыр. Джермелл Чарлоға қарсы кездесу ұйымдастыратынын айтты. 7 млн доллар ұсынды, бірақ екінші тараптан жауап болмады.
Қазір ең ыңғайлы жекпе-жек – Головкинге қарсы болмақ. Егер ол қаламаса, басқа біреумен жұдырықтасамын. Өйткені оны күтіп жүрмеймін», - деді Андраде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или