Юлия Путинцева Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
<span>Қазақстандық, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Белградта Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>
<span>Белградтағы WTA 250 турнирінің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған словениялық Кайя Юванмен өткізді. </span>
<span>Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, алға шыққанымен, қатарынан үш геймді қарсыласына беріп қойды - 4:6. Есесіне екінші сетте 5:0 есебімен алға кетті. </span>
<span>Бұдан кейін словениялық спортшы брейк жасағанымен, партия Путинцеваның есебіне жазылды - 6:2. Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Юлия қарсыласына дес бермеді - 6:1.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или