Қазақстандық файтер Fury FC чемпионы атанып, UFC үміткерлер жарысына шақырту алды

Қазақстандық файтер Fury FC чемпионы атанып, UFC үміткерлер жарысына шақырту алды

Қазақстандық файтер Николай Веретенников (9-3) Fury FC промоушенінің жартылай орта салмақтағы чемпионы титулын иеленді. Бұл кездесуді UFC президенті Дана Уайт тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Fury FC 46 турнирінің басты жекпе-жегінде Веретенников бірінші раундта қарсыласы америкалық Энтони Айвиді (8-5) тіземен ұрып құлатты. Осылашйа, Николай қарсыласын кездесудің 2-минутында техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл турнирді тамашалауға UFC президенті Дана Уайт барды. Ол Николайды жеңісімен құттықтап, Дана Уайттың Үміткерлер сериясына (DWCS) қатысуға шақырды. Оның жеңімпаздары UFC-мен келісімшарт жасасады.  

Фото facebook.com/furyfc

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или