«Ливерпуль» қақпашысы соңғы секундтарда гол соғып, командасына жеңіс сыйлады

«Ливерпуль» қақпашысы соңғы секундтарда гол соғып, командасына жеңіс сыйлады

Англия Премьер-лигасының 36-турында «Вест Бромвич Альбион» пен «Ливерпуль» кездесті. Матч қонақтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

15-минутта алаң иелері Робсон-Канудың голы арқасында алға шықты. Ал 33-минутта Мохамед Салах таразы басын теңестірді — 1:1.

Матч осы есеппен аяқталатындай көрінген, соңғы секундтарда Алиссон қарсыластың айып алаңына барып, Трент Александер-Арнольд асырған пасты баспен дәл көздеді — 1:2.

Мерсисайдтықтар 36 матчтан кейін 63 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или