Дәулет Шабанбай: Рио Олимпиадасынан кейін кілемнен кетемін

Дәулет Шабанбай: Рио Олимпиадасынан кейін кілемнен кетемін

Лондон Олимпиадасына қатысып бесінші орын алған балуан Дәулет Шабанбай Риода өтетін Олимпиада ойындарынан кейін үлкен спортпен қоштаспақ екен. Бұл туралы балуанның өзі "Алаш айнасы" интернет-порталының тілшісіне айтып берді.

Рио Олимпиадасында бағымды сынағым келеді. Әрине, ондай мүмкіндік болса. Сол мақсатыма жетсем, яғни Рио бағымды сынап күрессем, онда осы Олимпиада ойындарынан кейін боз кілемнен кетемін. Қазір елімізде ауыр салмақта талантты жастар көптеп өсіп келеді. Сол жігіттерді көріп қуанасың. Жол беру керек. Дегенмен де, менде әлі осал емеспін. Дайындықтарым да жақсы. Олимпиадаға дейін әлі біраз уақыт бар. Тынбай еңбектенетін боламын. Бұйырып жатса Олимпиада ойындарында екінші рет бағымды сынап көруге дайынмын.

Талдықорғандағы ел біріншілігіне келетін болсақ, чемпионат жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Барлық жігіттер жақсы дайындықпен келіпті. Өкінішке қарай, мен биыл чемпион атана алмадым. Жартылай финалда Дмитрий Паповтан ұтылдым. Бұл жігітпен мен бұған дейін бірнеше мәрте кездесіп, жеңген едім. Бұл жолы Диманың жолы болды. Онымен соңғы рет кездесіп отырғанымыз жоқ. Алда әлі талай турнир бар. Жолымыз түйседі. Сол кезде бүгін кеткен есемді қайтарамын, - дейді Дәулет Шабанбай.

Айта кетейік, бұл балуан ел біріншілігінде 125 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлде олжалады. Балуанның айтуына қарағанда, ол енді Қатар астанасы Дохада өтетін Азия біріншілігіне қатысады екен. Одан кейін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әлем біріншілігіне қатысуға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или