Бокстан Азия чемпионатына кімдер қатысады
Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар алқасы Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Азия чемпионаты 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктері) өтеді.
Құрлық біріншілігіне Қазақстан атынан төмендегі боксшылар қатысады:
49 келі: Даниял Сәбит
52 келі: Сәкен Бибосынов
56 келі: Сабырхан Махмұд
60 келі: Серік Теміржанов
64 келі: Закир Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Әбілхан Аманқұл
81 келі: Бекзад Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.
Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, Азия чемпионаты Токио Олимпиадасының алдындағы маңызды турнир болғандықтан, оған негізгі құрамның боксшылары барады. Олимпиадаға қатысатын барлық боксшымыз маңызды сынақтан өтіп, дайындықтарын шыңдайды. Сондай-ақ, Азия біріншілігіне Серік Теміржанов 60 келіде, Сабырхан Махмуд 56 келіде жұдырықтасады. Құрамадағы ең жас спортшылардың бірі Даниял Сәбит 49 келіде өнер көрсетеді.

2021 жылғы әлем чемпионаты қашан және қайда өтеді