Қанат Исламның «WBA International» белбеуі үшін жекпе-жегі өтпейтін болды

Қанат Исламның «WBA International» белбеуі үшін жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Қанат Ислам «WBA International» белбеуі үшін жекпе-жек өткізбейтін болды. 1 наурыз күні Мәскеуде өтуі тиіс болған кездесу қаржы мәселесіне байланысты өз шешімін таппай қалды.

Қанат Ислам ірі атақ үшін аргентиналық Гуидо Николас Питтомен жұдырық түйістіруі тиіс болатын. Кездесу 12 раундқа жоспарланып, орта салмақта «WBA International» атағы  сарапқа салынады деп күтілген еді. Бірақ Қанат Исламның проумоутері Нельсон Лопес қажетті қаржыны таба алмаған. Сондай-ақ Мәскеуде Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Франклин Варела арасындағы кездесу де қаржы мәселесіне байланысты өтпейтін болды.

Биыл 30 жастағы Қанат Ислам мен 24 жастағы Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокс рингінде төрт жекпе-жектен өткізуді жоспарлап отыр екен. Екеуінің чемпиондық атақ пен белбеу үшін өткізетін жекпе-жектерін мыңдаған жанкүйерлер тағатсыз күтуде. Ендігі кездесулері наурыз айының соңына қарай өтуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшымыз да – Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеулерінің иегерлері.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или