Үстел теннисінен Шымкентте бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Үстел теннисінен Шымкентте бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Шымкент үстел теннисі федерациясының бастамасымен еліміздің үшінші мегаполисінде Орал тау-кен металлургиялық компаниясының (Верхняя Пышма, Свердловск) танымал клубы - UMMC спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оқу-жаттығу жиынынң бағдарламасына кросс, жалпы дене шынықтыру, ашық ойындар, жүгіру жаттығулары, теориялық дайындық, үстелге арналған жаттығулары енген.

Жаттықтырушылар Анна Хонина, Илья Жидков, Ердәулет Оразбаев, Бақытжан Тургин, Фарида Рахметова бастаған теннисшілер мамыр айында өтетін тартысты бәсекеге қызу дайындалып жатыр.

Үстел теннисі бойынша, жарыс күнтізбесінде 17-23 мамырда Қазақстан Республикасының Қарағанды ​​қаласында өтетін жазғы V жазғы спорт ойындары және 27-30 мамыр күні Чебоксары қаласында Ресей Федерациясының үстел теннисі федерациясының ашық клубтық чемпионаты жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейін, 2018 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы мен UMMC клубы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Содан бері біліктілікті арттыру бойынша коучингтік курстар, төрешілер семинарлары, физикалық және техникалық-тактикалық дайындық бойынша жалпы оқу-жаттығу жиындары үнемі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, команда Қазақстандағы ашық чемпионаттарында да бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или