Алматыдағы шаңғы трамплиндері кешені ХОК комиссиясының көңілінен шықты

Алматыдағы «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені ХОК комиссиясы мүшелерінің көңілінен шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз бірнеше әсем нысанды аралып шықтық, оның ішінде «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенін ерекше атап өткім келеді. Тек спортшылар ғана емес, сондай-ақ балалардың да спортпен шұғылдануына жағдай жасалған әртүрлі 5 кешеннің болуы мені қуантты, мұндай кешендер әлемде бірен-саран. Бағалау комиссиясы өз жұмысын атқарғанда үнемі бейтарап ұстанымда болады, алыпсатарлыққа жол бермейміз, және де біздің алған әсеріміз қорытынды есепке еш әсер етпейді», - деп атап өтті РФ Үкіметінің вице-премьері, РФ ҰОК басшысы Александр Жуков.

Жуковтың айтуынша, Олимпиада бұл қала әлеуетін арттыруға септігін тигізе алатын жоба. Бұл ретте ол басқа елдерден турист тарта білген Сочи қаласын мысалға келтірді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или