Қазақстандық хоккейші «Барыстан» кетіп, ҚХЛ клубына ауысады

Қазақстандық хоккейші «Барыстан» кетіп, ҚХЛ клубына ауысады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кертис Волк қорғаушы Джесси Блэкердің ізімен елордалық «Барыстан» екатеринборлық «Автомобилист» сапына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-экспресс» сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 28 жастағы хоккейші ресейлік клубпен келісіп қойған, алайда трансфер туралы әлі ресми айтылмады. Бұған дейін Джесси Блэкер «Автомобилистпен» екі жылға келісімшарт жасасқан болатын.

Кертис Волк «Барыс» сапында 2018/2019 жылғы маусымнан бері ойнаған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или