Путинцева мен Дияс WTA рейтингісінде төмендеді

Путинцева мен Дияс WTA рейтингісінде төмендеді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең үздік теннисшілердің рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан қыздар құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина өз орнын сақтап қалды (22-орын). Юлия Путинцева мен Зарина Дияс бірнеше саты төмендеді. Қазір Путинцева 34-орында, ал Зарина Дияс 96-орында тұр.

Үздік үштікте өзгеріс болған жоқ. Эшли Барти, Наоми Осака және Симона Халеп үздіктер көшін бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или