Расул Қалиев: «Ендігі мақсат – Олимпиада жолдамасы»

Расул Қалиев: «Ендігі мақсат – Олимпиада жолдамасы»

Еркін күрестен ел чемпионы атанған Расул Қалиев финалдық белдесуден кейін «Алаш айнасы» тілшісіне ел біріншілігі туралы пікірі мен алдағы жоспарларын айтты.

—  Бұл біріншілікке мен ұзақ дайындалдым. Өйткені, Талдықорғанда Олимпиада ойындарына лицензия беретін әлем чемпионатына іріктеу болды. Шүкір, біріншілікті жеңдім. Ендігі мақсат – Олимпиада жолдамасын алу. Сол үшін тынбай тер төгетін боламын.

Финалдық белдесуге келетін болсақ, мен Санаамен бұған дейін бірнеше мәрте белдескенмін. Барлық айқастар тартысты өтті. Бірақ, бұл жолы қарсыласымды қиналмай жеңдім. Мүмкін мықты тактиканың арқасында шығар. Дегенмен де, қарсылас осал деуге келмейді, - дейді Расул Қалиев.

Айта кетейік, еркін күрестен 57 келі салмаққа дейін сынға түскен Расул Қалиев финалдық белдесуде Санаа Артастан айласын асырып кетті. Белдесудің бірінші минутында-ақ басымдықты өз қолына алған Қалиев бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қарсыласының жауырын жерге тигзіп, таза жеңді. Енді Қалиев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Олимпиада ойындарына жолдама беретін әлем біріншілігінде бағын сынайтын болады.

«Алаш айнасы» порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или