Головкин Әбдімәжит ағамыз тіктірген шапанды кие ме?

Головкин Әбдімәжит ағамыз тіктірген шапанды кие ме?

Осы мәселе кейінгі кездері баспасөз беттерінде де, әлеуметтік желілерде де оқтын-оқтын көтеріліп жүр. Шапан киген жақсы-ау, бірақ, сол шапанды өзін қазақпын деп атаған Гена батырдың ұлттық төл ою-өрнегімен әдіптелмеуі, Қазақ Елінің атынан сынға түсіп жүргендіктен, Қазақстанның мемлекеттік нышандарымен әрленбеуі біздің де көңілімізді күпті етіп жүргені жасырын емес. Әрине, бұл үшін Головкинді кінәлаудан аулақпыз, оның әу бастағы ниеті дұрыс қой. Ол қазақтың түбін зерттеп жүрген этнограф немесе этнолог па екен?.. Оған жүктелген міндет мүлде басқа. Батырымыз өзіне жүктелген міндетті толық атқарып жүр.

Күздің мерекелі қыркүйегінде «Ұлылар Отаны» аталған Отырар ауданының Шәмші аулында салтанатты шара өткен еді. Осы ауылдың тумасы Әбдімәжит Сыздықбеков деген ағамыз азаматтық танытып, алыстан көз тартатын алып кешен салғанын сүйіншілеп, радионың республикалық эфирінен хабарлаған болатынбыз.

«...Кіре берістің кемпірқосақ сынды маңдайшасында «Алаш аллеясы» деген жазу, аллеяда бүкіл алашордашылар мен қазақтың маңдайына біткен спорт саңлақтарының портреттері және сөздері тасқа қашалған. Ал сол аллеямен жүре берсеңіз, сізді «Алпамыс батыр спорт кешені» деген жазуы бар биік маңдайша күтіп алады. Оған кіре берісте арғымақ атқа шірене мініп, шауып келе жатқан кейіптегі батырдың бейнесі. Оның астында Алпамыс батыр жырынан үзінді келтірілген...».

Жерінің соры шығып жатқан, ауданның орталығынан шалғай ауылда салынып, алаңы табиғи жасыл майсамен жайнаған стадионды сол кезде осылайша елге таныстырған болатынбыз. Енді міне, Әбдімәжит ағамыз тағы да тың жобасымен бөлісті. Ол бүгін Астана әуежайынан Головкиннің кезекті жекпе-жегіне жанкүйер болу үшін аттанып кетті. Бұл жолы арда азамат жай емес, даңқты боксшымызға қазақы нақышпен әдіптеліп тігілген шапанын да ала бара жатыр екен.

«Қолымда Генаға сыйым ретінде алып бара жатқан арнайы тіктірген шапаным бар. Ол бұдан былай осы шапанды киіп шықса екен», - дейді Әбдімәжит Саттарұлы.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізетін британиялық боксшы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек ақпанның 21-інен 22-іне қараған түні Монте-Карлодағы «Salle des Etoiles» аренасында өтеді. Отандасымыздың өнерін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Серік СЕЙІТМАН, ақын,

«Шалқар» радиосының Бас редакторы

BNews.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или