Головкиннің промоутері: Үшінші рет кездесуден бас тартатын себеп көріп тұрғаным жоқ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер Сауль Альварестің (56-1-2, 38 КО) Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 КО) кездесуіне қатысты пікір білдірді.
- «Канело» 70 мың телекөрермен алдында нокаутпен жеңді. Бұл өте жақсы жетістік. Алайда GGG-мен кездесу Флойд Мэйвезерен кейінгі ең қиын айқас болады. Головкин бірінші кездесуде жеңіске жетті, тіпті екеуінде де деуге болады.
Егер сенде осындай мықты жекпе-жектер өткізетін мүмкіндік болса, неге үшінші кездесуді ұйымдастырмасқа. «Канело» өзінің мықтылығын көрсетті. Құттықтаймын!», деп жазды Том Леффлер өзінің Twitter-дегі парақшасында
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или