Әлімханұлы Канело - Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) мексикалық Сауль Альварес пен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібек Твиттер-парақшасында алдағы кездесуде кім жеңетінін айтты.
«Канело ма, Сондерс пе? Канело жеңеді деп ойлаймын. Оған жеңіс тілеймін. Оны біреу-міреу жеңгенін қаламаймын. Оны құлататын жалғыз боксшы болғым келеді. Оны жақында істеймін», — деді Әлімханұлы.
Альварес пен Сондерс жекпе-жегі 9 мамырда таңертеңгісін америкалық Техас штаты, Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді. Боксшылар WBC, WBO және WBA титулдарын сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или