Бублик Мадридтегі турнирдің жартылай финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан Masters турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда отандасымыз норвегиялық Каспер Руудтан жеңілді.
1 сағат 9 минутқа созылған кездесу 5:7, 1:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Рууд келесі айналымда Маттео Берреттини - Кристиан Гарин жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или