Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды
news-banner7
mobile-news-top

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир басталды

2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей,Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер