Джермалл Чарло Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

Джермалл Чарло Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) тағы да жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен жеңіске жетуге құмармын және мен өзімді әлемдегі ең мықтылардың бірі санағым келеді. Мен үздіктермен жұдырықтасамын. Бұл ең қиын жетістік болды. Менің командам Головкин, Канело және Андраде сияқты 160 фунтта титулы бар жігіттермен сөйлесті.

Головкинмен жекпе-жек пе? Иә, мен бұл жекпе-жекті қалаймын. Бұл уақыт еншісінде. Мәселе Головкинді Джермалл Чарломен бір рингке қалай шығаруды болып отыр», — деді америкалық боксшы PBC подкастында.

Еске салайық, Головкин орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или