Поветкин саусағын сындырып алғанын айтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРесейлік боксшы Александр Поветкин ұлыбританиялық Диллиан Уайтқа қарсы кездесуде алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Уайт қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
«Жекпе-жек кезінде қолым жарақаттанды - саусағым сынды. Маңызды ма, жоқ па, білмеймін. Ауырыңқырады, бірақ бәрі қалыпты. Мен саусағымның салдарынан жеңілдім деген сөз емес. Әлсіздеу болғаным үшін жеңілдім», — деді Поветкин.
Бұған дейін ресейлік боксшы карьерасын аяқтаған болатын.