ХОК бағалау комиссиясы Олимпиада қалашығының макетімен танысты

ХОК бағалау комиссиясы Олимпиада қалашығының макетімен танысты

Алматыда ХОК бағалау комиссиясы бірқатар спорт нысандарын аралады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сапардың үшінші күні Халықаралық олимпиадалық комитет өкілдері «Медеу» мұз айдынымен, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортымен және қаланың солтүстік-шығысында орналасатын Олимпиада қалашығының макетімен танысты. Олимпиада қалашығының жалпы аумағы 142 гектарды құрады. Олимпиада ауылында спортшылар, БАҚ өкілдері мен қызмет көрсетуші персоналдың тұруына арналған тұрғын үй кешендері, сондай-ақ дәмхана, ақпараттық орталықтар, сауда орталығы мен басқа да нысандар салынады.

«Біз спортшыларға барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олимпиада ауылында не болу керектің барлығын ескеру қажет», -деп мәлім етті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

«Бүгін біз қонақтарды «Медеу» биік таулы мұз айдынымен таныстырдық. Біз еліміздің тарихи бойтұмарына айналған нысанды әрдайым үлкен мақтанышпен көрсетеміз. Техникалық аспектілер мен спорт нысандарының логистикасына ерекше назар аударылды. Қос тарап үшін де тиімді диалог болғанын атап өткім келеді», - деді Олимпиада-2022 өтінім беру комитетінің атқарушы директоры Илья Оразақов.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или