Күрес

Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

7-9 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, аталған дода астанада орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетіні жоспарланған. Халықаралық бәсекеге Грузиядан - 26, Тәжікстаннан - 11, Қырғызстаннан - 21, Ресейден - 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады.

Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылдың 2 тамызында 69 жасында дүниеден озды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер