Жібек Құламбаева Мысырда топ жарды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр астанасы Қайырда өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
<span>Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская мен босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. </span>
<span>Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова мен Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3. </span>
<span>Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян мен румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3. Осылайша, Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді. </span>
<span>Құламбаева сонымен қатар жекелей сында финалға дейін жетті. Финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. </span>