«Дұрыс бағытта келе жатырмын». Анна Данилина Шарлоттсвиллдегі жеңісі туралы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шарлоттсвиллдегі ITF W60 турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>ktf.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің жұптық сынының финалында Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жаңазеландиялық Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутжиадиді 6:1, 6:3 есебімен жеңген еді.
«Бұл маусым жақсы өтіп жатыр, кезекті титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Дұрыс бағытта келе жатырмын. Шешуші матчқа келер болсақ, екінші партияда дұрыс ойнадық - нәтижені өз пайдамызға жазу үшін агрессив көрсеттік», - деді Данилина.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или