Мұхамедиұлы: Қазақстан Рио Олимпиадасында үлкен табысқа жете алады

Мұхамедиұлы: Қазақстан Рио Олимпиадасында үлкен табысқа жете алады

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетiн Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары үлкен жетiстiктерге қол жеткiзе алады. Бүгін кеңейтілген алқа отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Спортта үлкен жетiстiктер бар. Ендi алдымызда 2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалу мiндетi тұр. Бiрiншi лицензия қолда екенiн айту керек, жоспар-стратегия әзiрлендi. Күнi кеше тұңғыш рет Қазақстанның бүкiләлемдiк универсиадада үшiншi орын алғанына куә болдық. Мұндай жетiстiкке бiз бұрын-соңды қол жеткiзген емеспiз. Осылайша әрi қарай ұмтыла берсек, Рио-де-Жанейрода үшiншi орын алуымыз ғажап емес», - дейдi А.Мұхамедиұлы.

Айта кетейiк, Қазақстан құрамасы Универсиадада 11 медаль (5 алтын және 6 күмiс) жеңiп алып, жалпыкомандалық есепте үшiншi орын иелендi.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или