Қанат Ислам "WBA International" белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қандасымыз Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы «WBA International» белбеуі үшін таласатын болды. Бұл жекпе-жек 1-наурыз күні Ресейдің бас шаһары Мәскеуде өтеді, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.

«WBA International» белбеуі үшін таласта Қанат Исламның қарсыласы аргентиналық былғары қолғап шебері Гуидо Николас Питто болмақ. Бұл екі былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жек Мәскеудегі «Boxing & Gym Academy» деп аталатын спорт ғимаратында өтеді.

Кездесу 12 раундқа жоспарланған. Қай жеңгені қазір бірінші орта салмақта бос тұрған «WBA International» чемпиондық атағын иеленеді.

Аргентиналық Гуидо Николас Питто осы уақытқа дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңына 22 мәрте шығып, оның 19 кездесуінде жеңіске жетсе, 3 кездесуінде жеңіліп қалған. Ал, Қанат болса 18 кездесу өкізіп, барлығында да жеңіске жеткен.

Дәл осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы венесуэлалық Франклин Варела болмақ. Бұл екі бокс арасындағы кездесу рейтингтік жекпе-жек болады.

Айта кетейік, биыл 30 жастағы Қанат Ислам мен 24 жастағы Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокс рингінде төрт жекпе-жектен өткізуді жоспарлап отыр екен. Екеуінің чемпиондық атақ пен белбеу үшін өткізетін жекпе-жектерін мыңдаған жанкүйерлер тағатсыз күтуде. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшымыз да – Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеулерінің иегерлері. Бүгінде екі боксшы да алдағы кездесулеріне дайындықты АҚШ-тың Флорида штатында өткізіп жатыр.

Alashainasy.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или