Күрес түрлерінен лицензиялық турнирде ел намысын кімдер қорғайды?

Күрес түрлерінен лицензиялық турнирде ел намысын кімдер қорғайды?

Болгарияда күрес түрлерінен соңғы лицензиялық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

6-9 мамыр аралығында Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен Олимпиада ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынады. Аталған бәсекеге Қазақстан әйелдер құрамасынан үш, грек-рим күресінен үш және еркін күрес спортынан бір балуан бозкілемге шығады. 

Маңызды додаға Қазақстан құрамасынан қатысатын спортшылар тізімін ұсынады. 

Грек-рим күресі бойынша қатысатындар: 

Алмат Кебіспаев (67 кг)

Олжас Сырлыбай (97 кг)

Әлімхан Сыздықов (130 кг)

Еркін күрес бойынша: 

Азамат Дәулетбеков (86 кг)

Әйелдер күресі бойынша: 

Алтынай Сатылған (57 кг)

Айна Теміртасова (62 кг)

Жамиля Бақбергенова (68 кг)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или