FISU президенті Қазақстан делегациясына Универсиада жалауын табыстады

Испанияның Гранада қаласында Алматыға Универсиада жалауын табыстау рәсімі өтті, онда 2017 жылы Бүкіләлемдік студенттік ойындар өткізіледі.

Бүкіләлемдік студенттік ойындар федерациясының президенті Клод-Луи Галльен Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловаға Универсиада жалауын табыстады.

«Біз үшін 2017 жылы Бүкіләлемдік студенттер ойындарын өткізу үлкен мәртебе. Біз шараны жоғары деңгейде өткіземіз. Алматыға қош келдіңіздер!», - деді З. Аманжолова.

Қазақстан тарапынан іс-шараға ҚР БҒМ вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов, сондай-ақ елшілік пен Алматы әкімшілігінің өкілдері қатысты.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или