Belgrade Winner: Боксшыларымыз финалда кіммен кездеседі
Бүгін, 27 сәуір күні қазақстандық боксшылар Сербияда Belgrade Winner додасының финалында жұдырықтасады.
Қазақстан сапынан Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллинов, Нұрбек Оралбай мен Василий Левит финалға жолдама алды.
52 келіде жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов финалда қырғызстандық Азат Үсеналиевпен кездеседі.
63 келіде финалға жолдама алған Ертуған Зейнуллиновтың қарсыласы ресейлік Артур Субханкулов болады.
81 келіде Нұрбек Оралбай Ұлыбритания өкілі Бенджамин Уиттакермен жарыстың алтынын сарапқа салады.
Ал 91 келіде Василий Левит ресейлік Тимур Гамзатовпен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или