Екі рет есем кеткен еді - Шымбергенов Ресейдегі турнирді қорытындылап өтті

Екі рет есем кеткен еді - Шымбергенов Ресейдегі турнирді қорытындылап өтті

Ресейде өткен Санкт-Петербург Губернаторының кубогі жолындағы жарысты қазақстандық боксшылар сәтті аяқтады.

<span>Ғалымбек Кенжебаев шәкірттері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола еншілеген болатын. Питер шаршы алаңынан алтын алған боксшылар қатарында Асланбек Шымбергенов те бар. 69 келіде топ жарған ол Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, турнирді қорытындылап өтті.  </span>

<span>«Көршілес елдегі турнир өте жоғары деңгейде өтті. Бұл бәсеке мен үшін жеңіспен аяқталғаны қуантады. Біріншіден, осыған дейін екі рет ұтылған өзбек боксшысынан есе қайтардым. Бобо-Усмон Батыровпен 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында, 2019 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында жеңілген едім. Бапкеріммен берге қарсыласты зерттеп, Ресейдегі сында әккі қарсыласымды тізе бүктірдім. </span>

<span>Турнирдің ақтық сынында тәжірибелі ресейлік боксшы Андрей Замковойдан басым түстім. Андрей 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жүлде алған, былтырғы әлем чемпионатында топ жарған спортшы. Оған қарсы жекпе-жекте бапкеріммен бірге жақсы тактика таңдадық деп есептеймін. Енді мұнымен тоқтап қалмай, алдағы жарыстарға дайындаламыз. </span>

<span>Менің салмағымда Токио Олимпиадасына Абылайхан Жүсіпов барады. Өзімнің спорттық мансабыма қатысты айтарлықтай жоспарлар жоқ. Кәсіби боксқа шақырған болатын, бірақ талаптары ұнамай, бас тарттым. Бәрін уақыт көрсетеді», - дейді боксшы. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или