Денис Тен қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Денис Тен қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Instagram арқылы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет. Осындай сәттерде жүздесу үшін мен спортта қалдым. Бүгін (14 ақпан – агенттік ескерт.) біздің Сочи Олимпиадасындағы жетістігімізге бір жыл толды. Тура бір жыл өтті – жаңа медаль, жаңа тарихи жетістік! Бұл жолы алтын медальға, Төрт құрлық чемпионатының чемпиондық титулына қол жеткізіп отырмын. Барлық қазақстандықтарды айтулы оқиғамен құттықтаймын!», - деп жазды Денис.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қос бағдарлама бойынша 289,46 ұпай жинап, маусымдағы ең үздік нәтижені көрсеткен болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или