«Арландар» айқын басымдықпен жеңіске жетті (видео)

«Арландар» айқын басымдықпен жеңіске жетті (видео)

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) «В» тобында бақ сынап жатқан қазақстандық «Astana Arlans»  командасы V маусымдағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Отандастарымыз Қарағандыда Пуэрто-Рикадан келген «Puerto Rico Hurricanes» клубын айқын басымдықпен жеңді.

49 келіге дейінгі салмақта Мардан Берікбаев пен команда капитаны Самат Башенов (64 келі) қарсыластарынан айласын асырып, төрешілер жерлестерімізді жеңімпаз ретінде таныды. Ал Мейірболат Тоитов, Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левиттің қарсыластары жекпе-жекті соңына дейін жалғастыра алмады. Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жойқын соққылары пуэрто-рикалық команда боксшыларын есінен тандырды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын Марат Жақиев шәкірттері Қарағандыда АҚШ-тың «USA Knockouts» клубын дәл осындай есеп айырмасымен жеңген еді. Бес кездесуде де жеңіске жеткен қазақстандық клуб топта 15 ұпаймен көш бастап тұр.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или