Belgrade Winner: Левит пен Бибосынов Сербиядағы турнирдің финалында сынға түседі
Сербияда өтіп жатқан Belgrade Winner халықаралық турнирінде жартылай финал кездесулері аяқталды деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан командасы сапынан Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды. Ол ресейлік қарсыласына есе жіберген. Сондай-ақ, Нұрқанат Райыс (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (91 келі) да жеңіс тұғырының үшінші сатысында.
Халықаралық турнирдің финалдық сынында 52 келідегі Сәкен Бибосынов, 63 келідегі Ертуған Зейнуллинов, 81 келідегі Нұрбек Оралбай және 91 келідегі Василий Левит жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или