Серік Мұсәділовтің келесі қарсыласы анықталды

Серік Мұсәділовтің келесі қарсыласы анықталды

«Панда» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (8-0, 8КО) жекпе-жегінің уақыты анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы америкалық Кевин Браунмен кездеседі. Кевин бүгінгі дейін екі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 14 рет ұтылған. 11 мәрте нокаутқа түскен.

Алты раундтық жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Медли қаласында 22 мамырда өтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, былтыр қарашада Флоридада Мұсәділов мексикалық Даниэль Наджераны (9-6-1, 4КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Американдық бокс федерациясының тұжырымына сәйкес, қазақстандықтың Атлантика чемпионы атағына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или