Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті

Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті

Мәнерле сырғанау спортынан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында бас жүлдеені еншіледі.

Төрт құрлық чемпионатына Африка, Азия, Америка, Аустралия құрлығының спортшылары қатысуда. Жерлесіміз үшін бұл Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі ең маңызды жарыстардың бірі еді. Оның үстіне аталған жарыста чемпион атанбаған Денис осы жолы барын салды.

21 жастағы Тен турнирдің бірінші күні қысқа бағдарламада 97, 61 ұпай жинаған болатын. Екінші орында жапониялық Шомо Уно. Күншығыс елінің спортшысы 88,90 ұпайға ие болып еді. Үздік үштікте Хань Янь орналасқан. Қытайлық спортшы қысқа бағдарламаны87, 34 ұпаймен аяқтады.

Ал бүгін өткен еркін бағдарламада Денис 100,45 ұпай жинады. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 289,46 ұпаймен қарсыластарынан қар үзіп кетті. Екінші орынға АҚШ спортшысы Джошуа Фаррис тұрақтады.Ол жерлесімізден 28 ұпайға қалып қойды. Қола жүлде қытайлық Хань Яньға бұйырды.

Baq.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или